Вторник, Октябрь 15, 2019
Басты > БАҚ біз туралы > Жұбанов университетінде «Smarthome» ашылды

Жұбанов университетінде «Smarthome» ашылды

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университетінде бүгін «Жастар үйі» ашылды. Бұл оқу орнының үшінші жатақханасы. Әрі қаладағы өзге жатақханалардан ерекшелігі көп. Заманауи тілмен айтқанда, смартхоум 500 орынға есептелген. Ал студенттер бұл жатақханадан орын алуы үшін оқуда озат, қоғамдық жұмыстарға белсенді араласатын көшбасшы болуы керек. «Жастар үйінде» студенттермен қатар магистранттарға да орын бар. Сондай-ақ, академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында оқу орнына келетін шетелдік оқытушылар да орналастырылады. Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев бүгін жатақхананың алғашқы қоныстанушыларына бөлмелерінің кілттерін салтанатпен табыстады. Жастар үйі 1 жыл ішінде тұрғызылды. Жоғары оқу орнының жеке қаржысына. Бұған дейін 250 миллион теңгеге технопарк салдырған университет басшылығы бұл жобаға 1 миллиард теңге жұмсаған. Жастар үйі болашақта толығымен сандық жүйеде басқарылатын болады. Қазірдің өзінде смарт оқу залы бар. Жатақхананың әр тұрғынында сандық карта болады. Сандық карта жатақханада жайлы өмір сүру кепілі.

источник

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.