Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Студент-биолог Н.Әділхановты қала әкімі марапаттады

Студент-биолог Н.Әділхановты қала әкімі марапаттады

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арналған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын кеңінен насихаттау мақсатында Ақтөбе қаласының әкімшілігі мен ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен қаламыздың жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері мен оқушылары арасында үздік жарияланымдарға шығармалар байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты – жастарды Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу және жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттерін ғылыми қызметке тарту.

Байқауда ұсынылған «Ұлт жоспары – Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырылуы», «Үздік отыздыққа апарар «100 нақты қадам», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – мемлекеттік саясаттың басым бағыты», «Қазақстан – кәсіби мемлекетті құру жолында», «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның жетістіктері», «Ақтөбе агломерациясын дамыту перспективалары», «Бүкіләлемдік ЭКСПО-2017 көрмесі – елдің ерен жеңісі» тақырыптары бойынша барлығы 93 жұмыс ұсынылған.

Байқауға қаламыздың ЖОО-нан профессорлар мен оқытушылар төрелік жасады.  Байқау  қорытындысы бойынша ЖОО студенттері арасынан үш жүлделі орынмен қатар, жұмыстары әділқазылар көңілінен шыққан 4 студентке Алғыс хат берілді.

Аталмыш байқауға жаратылыстану факультеті «Биология» мамандығының 4-курс студенті Нұртас Әділханов  «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның жетістіктері» атты өз туындысын ұсынып, қала әкімі Ілияс Испановтың қолынан Алғыс хатпен марапатталды. Студент Н.Әділхановты байқауға дайындаған ұстазы, биология ғылымдарының кандидаты Адманова Гүлнұр Болатқызының айтуынша жеңімпаз шәкірті шығармашылыққа жаны жақын, өте қабілетті және ізденімпаз. Нұртас осыған дейін де талай байқауларға белсене қатысып жүр. Қала әкімі табыстаған бұл марапат студенттің өмірінде алғашқы жоғары жеңісі!