Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университеттің конфуций институты «Астана экспо-2017» көрмесінде

Университеттің конфуций институты «Астана экспо-2017» көрмесінде

Астана қаласына ресми сапармен барған университеттің Конфуций институтының ұжымы осы үлкен мүмкіндікті пайдалана отырып, «Астана Экспо-2017» Бүкіләлемдік Көрмесінің куәсі болды. Конфуций институтының қытай тілі оқытушысы Чжоу Суйфан Астана қаласындағы өткізіліп жатқан Бүкіләлемдік Көрмесінен алған әсерімен бөлісті. Ол: «Біздің әр бір басқан қадамымыздың өзі үлкен толқыныс болды.

«Экспо» көрінісі бізге қазіргі Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқанының айғағы екенін көрсетті. Экспоның негізгі орталығы үлкен жер шары тәріздес салынған әсем сәулет құрылысы, ол 6 қабаттан тұрады екен. Әр қабатта жаңа энергетикалық өнімдер көрмесі әзірленген. Аралау сәтінде Қытай павильоны көрмесін тамашаладық.

Ол жерде қытай жоғары жылдамдықтағы теміржол көлігінің сипаты көрсетілген. Сондай-ақ адамдардың қарап көруі үшін көрікті жаңа энергетика жөніндегі 3D фильмі шығарылған. Экспо алаңы өте керемет салынған, мен Қазақстанның осындай деңгейде жоғары қарқынды әрі тез дамығанына ерекше таң қалдым.

Конфуций институтының оқытушысы ретінде, екі ел арасындағы мәдениет байланыс елшісі екенімді, Қытай мен Қазақстан халықтары арасындағы достықты тереңдету мен отанымның гүлденуіне өз үлесімді қосып келемін деп ойлаймын. Болашақта Қазақстан Республикасы көркейіп дами берсін»,- деп тілегін білдірді.

Екі күнге созылған сапар барысында «Экспо» алаңынан басқа да Астана қаласының жаңадан бой көтерген әсем көріністерінің бірі Бәйтерек, Хан Шатыр,Мега сауда орталығы, саябақтар және тағы басқа жерлерге барып естелікке суретке түсті.