Пятница, Август 17, 2018
Басты > Хабарландырулар > Н.Назарбаев қоры ғылым және өнер саласындағы сыйлыққа байқау жариялады

Н.Назарбаев қоры ғылым және өнер саласындағы сыйлыққа байқау жариялады

2.10-30.12.2017

2017 жылдың 2 қазаны мен 30 желтоқсаны аралығында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры ғылым, мәдениет және өнер саласындағы Сыйлыққа қатысты жыл сайынғы байқауын жариялайды.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Сыйлығы талантты қазақстандық жастарға қолдау білдіру мақсатында жылына бір рет ғылым және өнер саласындағы түрлі аталымдар бойынша беріледі:

▪ҚР жас ғалымдарының ғылым мен техника саласындағы үздік ғылыми зерттеулері мен жетістіктері үшін;

▪ҚР жас ғалымдарының мәдениет пен өнер саласындағы жаңа да ерекше шығармалары, бағдарламалары, жобалары үшін.

Байқауға 40 жасқа дейінгі жас ғалымдар мен мәдениет пен өнер қайраткерлері қатыса алады. Қор сыйлығын алғысы келген жобалар мен жұмыстардың авторларына қойылатын талап — еліміздің ғылым мен мәдени өміріне елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры Сыйлығын әр жылдары алғандар белгілі ғалымдар, өнер мен мәдениеттің қайраткерлері, олар: Дмитрий Корулькин, Гүлмира Абдірайымова, Бейбіт Әмірғалиев, Айгүл Амитова, Тимур Лесбеков, Айгүл Мүкей, Карина Абдуллина, Медет Чотабаев, Артур Платонов, Алексей Шахматов, Салтанат Ахметова және тағы басқалар.

Сыйлық төмендегідей аталымдар бойынша беріледі:

▪ғылым және техника — физика, математика, инженерлік ғылым, экология, Жер жайындағы ғылым, ауылшаруашылық ғылымы,  химия, технология, техникалық ғылымдар, медицина және биология, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар, тәуелсіз Қазақстанның құрылуы мен қалыптасуындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының рөлі;

▪мәдениет және өнер — музыкалық өнер, театралды өнер, бейнелеу өнері, кинематография, журналистика (радио, телевидение, баспасөз), хореографиялық өнер, эстрадалық және цирк өнері, мұражай ісі, сәулет және дизайн. Байқау жеңімпазына «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры Сыйлығының Лауреаты» деген атақ беріліп, диплом, кеуде белгісі мен ақшалай сыйлық табыс етіледі. Сыйлық Ережелерімен танысу және өтініш беру үлгісін жүктеп алу үшін төмендегідей сілтемеге өту керек:

▪ҚР жас ғалымдары үшін;

▪ҚР мәдениеті мен өнерінің жас қайраткерлері үшін;  Толық ақпаратты мына телефондарға хабарласып біле аласыздар:

▪Едігеева Роза Мақашқызы, +7 (727) 2700-524, roza@fpp.kz

▪Исмаилов Тимур Мұратұлы, +7 (727) 2700-579, tismailov@fpp.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *