Четверг, Август 22, 2019
Басты > Жаңалықтар > Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ жанындағы конфуций институты әлемдік үздік институт болып танылды

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ жанындағы конфуций институты әлемдік үздік институт болып танылды

2017 жылы 12-13 желтоқсанда Сиань (ҚХР) қаласында өткізілген Конфуций институттарының XII Бүкіләлемдік Форумында Конфуций институтарының Бас Кеңесінің шешімі бойынша Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ жанындағы Конфуций институты әлемдегі 525 Конфуций институттары арасында үздік институттарының бірі ретінде танылды. Марапатты ҚХР Премьер-Министрі, Мемлекеттік Кеңес мүшесі, Конфуций институттарының Бас Кеңесінің төрайымы Лю Яндун ханым Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ жанындағы Конфуций институты Қазақстан тарапынан директоры Шоқым Гүлжан Тыныштықбайқызына табыстады.

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ жанындағы Конфуций институтының жемісті жұмысы Конфуций институттарының Бас Басқармасы/Ханьбань тарапынан бағалануы алғашқы рет емес, 2013 жылы VIII Бүкіләлемдік Конфуций институттарының  Форумында Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ жанындағы Конфуций институтына күміс медаль табыс етілген болатын.

Форум аясында Конфуций институттарының жетістіктерінің көрмесі, Конфуций институтының қытай тілінде басылымнан шыққан жаңа кітаптар, соңғы үлгідегі электронды оқу құралдары мен қытай мәдениет бұйымдарының көрмелері ұйымдастырылды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.