Вторник, Январь 28, 2020
Басты > Жаңалықтар > (CCTV) Қытай орталық телевизиясының журналистері конфуций институтының директорынан арнайы сұхбат алды

(CCTV) Қытай орталық телевизиясының журналистері конфуций институтының директорынан арнайы сұхбат алды

12-13 желтоқсанда Сиань қаласында өткізілген Конфуций институттарының XII бүкіләлемдік форумы аясында Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ жанындағы Конфуций институтының Қазақстан тарапынан директоры Шоқым.Г.Т  ССTV Қытайдың орталық телевизиясына сұхбат беруге шақырылды.

Сұхбатта Шоқым Гүлжан Тыныштықбайқызы  Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  «Нұрлы жол» және Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің «Бір белдеу, бір жол» атты стратегияларын  жүзеге асыруда, Конфуций институтының мәдениет, білім  және ғылым саласында достық қарым-қатынастарды нығайтуда маңызды рөл атқаратындығын атап өтті.

Сонымен қатар, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ жанындағы Конфуций институтын 2017 жылдың әлемнің үздік институттарының бірі ретінде тандағандары үшін Конфуций институттарының Бас Басқармасы/Ханьбаньға алғысын білдірді.