Пятница, Ноябрь 22, 2019
Басты > БАҚ біз туралы > Жұма­гүл Мақашеваның студенттері Нью-Йорк қор биржасының тұтынушылары атанды

Жұма­гүл Мақашеваның студенттері Нью-Йорк қор биржасының тұтынушылары атанды

Елбасы биылғы Жолдауында басты басымдық макроэкономи­ка­лық тұрақтылықты сақтау екенін, оны орындау отандық қор нарығын одан әрі дамытудан басталатынын айтқан болатын. Осы ретте Үкіметке Ұлттық банкпен бірлесе отырып, қор нарығын жандандыруға бағытталған шара қабылдауды тап­сырған еді. Бұл міндеттер елімізде қаржылық сауаттылық дең­гейін көтеруді қажет етеді.

Яғни адами капитал сапасын жақсартумен қанаттас білім беру жүйесіне жа­уап­кершілік жүк­тей­ді. Бұл өз кезегінде еліміздің жоғары оқу орындарындағы про­фессор-оқытушылар құрамына жаңа жобалар жасақтау қажеттілігін көрсетті. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік универ­си­те­тінің Қаржы және несие ка­фе­­драсының доценті, эконо­ми­ка ғылымдарының кандида­ты Жұмагүл Мақашева осы ба­ғыт­та еңбек етіп келе жат­қан­ ға­лым­дардың бірі. Жолдау жа­рияланғаннан бері оқытудың жаңа жобасы мен моделін жа­сақ­таған ақтөбелік жас ғалымның бас­ты мақсаты – қаржы жүйесі бойынша мамандық алатын сту­денттердің іргелі білі­мі­не елеу­­лі өзгеріс енгізу.

Яғни Жұ­магүл Жамансарықызы оқыту ба­рысында қаржыгер-тео­рия­шы­ларды емес, қаржыгер-тәжіри­бе­ші мамандарын әзірлеуге басымдық береді. Бұл жоба оқы­тудың оңтайлы моделіне арқа сүйейді. Ол отандық қар­жы нарығы субъектілерінің тәжі­ри­белерін пайдалануды көз­дей отырып, шәкірттерге қар­жы­ институттарының терең иірім­дерін түсіндіруді мұрат тұ­тады. Студенттердің өндірістік тәжірибесі мен диплом жұмысы болашақта білікті маман болу­дың басты кілті. Сондықтан Жұ­магүл студенттердің ғылыми ізденістеріне жетекші болудан өзі­не күш-қуат алатынын айтады.

Қазір көптеген жоғары жә­не арнаулы оқу орындарын­да бо­ла­шақ қаржыгер маман­дар бі­рың­ғай теориялық ілім­дермен қаруланғанымен, оны тәжі­рибелік тұрғыдан іске асыра алмай жатады. Осы олқы­лықтың орнын толық­тыру үшін теория мен тәжіри­бені бір арнаға тоғыстыруға арнал­ған арнайы ғылыми-әдіс­те­мелік тұжырымдамалық жүйе жасақ­талды, дейді ол. Авторлық­ жобаға сәйкес, Ақтөбе қала­сын­дағы қаржы институттарына жыл сайын экскурсиялар жасау қарастырылған. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нақтылығы мен өміршеңдігіне көңіл бөлі­нуі, кәсіпкерлер мен қаржы ма­мандарының қатысуымен дәріс­тер, пікірталастар мен іскерлік ойындар өткізілуі – жобаның басты ерекшеліктерінің бірі.

Ол уни­верситет қабырғасында баға­лы қағаздармен жұмыс істеу дағдыларын меңгеруі үшін сту­денттердің арнаулы сауда алаң­дарында өтетін бағалы қағаз­дарды сатып алу және сату ісіне үнемі қатысуын қадағалап отырады. «Қаржы альманахы» үш сатылы бағдарламасы да теория мен практикалық мәселелердің тұтастығы мен бірлігін, депо­зиттік есептер ашудың мәні мен маңызын, банкілік опера­ция­лардың адамға және мемлекетке тигізер пайдасын қарастырады.

«Бүгінде жоғары курс­та оқи­тын студенттерімнің депо­зиттік жинақ қаражаттары да, депозиттік операциялармен жұмыс істеу тәжірибелері де бар», дейді Жұма­гүл Мақашева. Айтуынша, жоғары курс студенттерінің 57 пайызы қазақстандық қор биржасына өтсе, 33 пайызы бағалы қағаздар жөніндегі арнаулы жобалардың иелері атаныпты. Ал 10 пайызы Нью-Йорк қор биржасының тұтынушылары. Басым бөлігінің тапқан пайдасы қазірдің өзінде 30 пайызды құрап үлгерді. Сондай-ақ студенттер тағы да акциялар сатып алып, ілкімділік таныта бастаған. Осы арқылы одан дәріс алатын болашақ қаржыгерлер қор нарығына тұрақты түрде мониторинг жасауды күнделікті дағдыға айналдырып отыр. Қаржылық сауаттылық деген де осы емес пе?!

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан»

АҚТӨБЕ

Жұмагүл Мақашева

источник

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.