Четверг, Сентябрь 19, 2019
Басты > Жаңалықтар > Университет-мектеп байланысы нығая түсуде

Университет-мектеп байланысы нығая түсуде

Жұбанов университетінің кәсіби-шығармашылық факультеті «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы қаладағы №30 орта мектептегі филиалымен жұмысы нығайа түсуде. Жақында филиал базасында дуалды оқытуды енгізу мақсатында аталмыш мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Бердігали Ораз «Жаңартылған бағдарлама бойынша дене шынықтыру сабағын өткізу әдістемесі» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Шеберлік сабағына «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының меңгерушісі Т.А.Ботагариев, кафедра оқытушылары В.И.Зейбель, Б.К.Мамытов, А.Ш.Жиенбаев, О.Бекмагамбетов және «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс студенттері қатысты.

Жаңартылған бағдарламаға сай дене шынықтыру сабақтарын өткізу жолдары, оның тиімділігі мен кемшілігі, оқыту әдістемесі жайында шеберлік сабағында көптеген мәліметтер айтылып, әсіресе, студенттер үшін үлкен сабақ болды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.