Четверг, Апрель 18, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университеті жанындағы Конфуций институты әлемдегі үздік отыздық қатарында

Жұбанов университеті жанындағы Конфуций институты әлемдегі үздік отыздық қатарында

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті жанындағы Конфуций институты әлемдегі үздік 30 институт қатарына енген Орталық Азиядағы, Қазақстандағы алғашқы институт. 12-13 желтоқсанда ҚХР Сиань қаласында өткізілген Конфуций институттарының XII бүкіләлемдік форумының аясында, 2017 жылдың қорытындысы бойынша әлемдегі ең үздік Конфуций институттарын марапаттады. Қазіргі таңда әлем бойынша 525 Конфуций институты, 1113 Конфуций класы құрылып жұмыс жасауда. 2017 жылдың қорытындысы бойынша сол құрылған 525 Конфуций институты арасынан 30 Конфуций институты марапатталды. Әлемдегі ең үздік болып танылған 30 Конфуций институтының арасында, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті жанындағы Конфуций институты үздіктер қатарынан орын алды. Бұл жеткен жетістік білім беру және ғылыми қызмет саласындағы ерекше кәсібилікті көрсетеді. Аталмыш XII бүкіләлемдік форумы аясында Конфуций институтының Қазақстан тарапынан директоры Г.Т.Шоқым ССTV Қытайдың орталық телевизиясына сұхбат берді.

Орталық Азия елдерінде құрылған Конфуций институттарын басып озып, әлемдегі ең үздік Конфуций институттары қатарына енген Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіндегі Конфуций институты – Қазақстанның батыс өңіріндегі қытай тілін оқыту және қытай мәдениеті орталығы. ҚХР-дағы серіктес жоғары оқу орны – Синьцзян қаржы-экономикалық университеті. Конфуций институтының мақсаты – Қазақстан мен Қытай арасындағы білім-ғылым бағытындағы ынтымақтастықты дамыту, қытай тілін оқыту және екі елдің достық қарым-қатынастарын нығайту. Институтта білім алушылардың қытай тілін жан-жақты игеруіне материалдық және ақпараттық техникалық жағынан толық жағдай жасалған.

2017 жылдың көрсеткіші бойынша Конфуций институты 50-ден аса мәдени шаралар ұйымдастырды. Конфуций институтының 2017 жылдағы оқу-әдістемелік және ғылыми басылымдары шығарылды.Атап айтқанда: «Жаңа жібек жолы: білім мен ғылым кеңістігінде» халықаралық ғылыми жинақ, . Шоқым Г.Т., Ли Цзяньхун, Дуйсенова К.Б «Қытай тіл біліміне кіріспе» , М.Балтымова, Ли Цзяньзун, Г.Т.Шоқым, «Қазіргі қытай әдебиеті» Ли Цзяньхун «Қытайша-қазақша тілашар», «Қазақстандағы жоғары білім жағдайы» монографиясы, «Экономикалық терминдер сөздігі» және т.б.

Жыл сайын ұйымдастырылатын жалпықазақстандық “Қытай тілі көпірі” сайысының бас жүлдегері. Қытайдың Куньмин қаласында өткізілген «Қытай тілі көпірі-2017» дүниежүзілік сайысында «Көрермендер көзайымы» номинациясы бойынша институттың білім алушысы үздік 3 орынның қатарынан көрінді. Конфуций институтының ұйымдастыруымен университет пен Ақтөбе облысындағы 27 Қытай инвестициялық компаниялары арасындағы білім, ғылым және өндіріс саласында өзара тиімді ынтымақтастық орнатылды. Би-би-си (BBC) Ұлыбританияның радио, интернет және телетарату комплексі дүниежүзілік қызметінің Қытайдағы журналисттерін қабылдап, институттың негізгі жұмыстарымен таныстырды. Би-би-си (BBC) тілшілері Конфуций институтының бір күндік жұмыс аясында өткізілетін қытай тілі және мәдениеті, қағаздан ою-өрнек жасау, сурет салу, тайцзицюань, қытай каллиграфисы сабақтарын деректі фильмге түсірді.

Конфуций институтының оқытушылары қытай тілі дәрістерімен қатар, музыкалық шығармалар орындау, бейнелеу өнері, қағаздан ою қию өнері, тайцзицюань, каллиграфия бойынша қосымша мәдениет сабақтар өткізеді.