Понедельник, Апрель 6, 2020
Басты > Жаңалықтар > Кәсіби бағдар беру тобы Қобда ауданында болды

Кәсіби бағдар беру тобы Қобда ауданында болды

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылары мен бөлім қызметкерлерінен құралған жұмыс тобы 22 желтоқсан күні Қобда ауданына іссапарға барды. Мақсат – мектеп бітірушілер арасында кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізу. Жұмыс тобын университеттің бас ғылыми хатшысы А.Ж.Мұхамбетжанов, Кәсіби бағдар беру бөлімінің басшысы Ж.Идиева бастап барды. Жұмыс тобының мүшелері филология факультетінің деканы К.Қ.Садирова, экономика және құқық факультетінің деканы А.Б.Тасмағамбетов, жаратылыстану факультетінен С.Т. Сырымбетов, кәсіби-шығармашылық факультетінен А.Жартыбаева, тарих факультетінен Ә.Аман, физика-математика факультетінен Ж.К. Убаев, шетел тілдері факультетінен З.Е. Сулейменова өз мамандықтары туралы мектеп бітіруші түлектерге толық ақпарат беріп, олардың сұрақтарына жауап берді. Музыка бөлімінің 4 курс студенті Ақбота Тажмагамбетова мектеп түлектері алдында университеттің студенттерге көрсететін қолдауы туралы, оқыту сапасының артықшылығы туралы баяндай отырып, өзінің орындауындағы әнімен кездесуге келушілерді риза етті. Кездесуге мектеп бітіретін 58 оқушы қатысты. 26 мектеп директоры мен 31 мұғалімге және кездесуге келген оқушыларға буклеттер таратылды.

Іссапар барысында Қобда аудандық білім бөлімімен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің арасындағы ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Ғылыми-әдістемелік бөлім әдіскерлері мен үздіксіз білім беру бөлімі қызметкерлері 26 мектеп директоры мен 31 мұғалімге «Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында семинар ұйымдастырып, қатысушыларға сертификат берілді.