Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Магистратурада жаңа мамандықтар ашылды

Магистратурада жаңа мамандықтар ашылды

Жақында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінде магистратура бойынша жаңадан екі мамандық ашылды. Атап айтсақ, «Құқықтану» және «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандықтары. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің жетекшісі, заң ғылымдарының магистрі Айнұр Нурутдинованың айтуынша, бұл екі мамандықтан бөлек магистратура бойынша 2017 жылдың тамыз айынан бастап 6 мамандық ашылған. Тамыз айында «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Биология», «Тарих», «Менеджмент» мамандықтары бойынша ашылса, қазан айында «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» және «Іскерлік әкімшілік жүргізу» мамандықтары ашылды.

«Жаңадан ашылған «Биология», «Тарих» мамандықтары бойынша оқуға магистранттар қабылдап та үлгердік. Қазіргі таңда магистратура мен докторантура бойынша 200-ден астам жастар білімдерін жалғастыруда. Тағы айта кететін жаңалық, докторантура бойынша биылғы оқу жылында грантқа 5 орын бөлінді. Оның ішінде біреуі мақсатты даярлық гранты бойынша білім алуда»,- дейді Айнұр Жарылғасынқызы.