Пятница, Август 17, 2018
Басты > Жаңалықтар > Конфуций институтының астанадағы ресми іс-сапары

Конфуций институтының астанадағы ресми іс-сапары

2017 жылдың маусым айының соңғы күндері Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіндегі Конфуций институтының ұжымы Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының Елшілігі ұйымдастыруымен Қытай Халық Республикасының Сянган арнайы әкімшілік ауданы үкіметінен бөлініп Егемендік алғанының 20 жыл толуына орай Астана қаласындағы  Пекин ғимаратында өткізілген ресми шараға қатысты. Шараға  Қазақстан мен Қытай мемлекеттері тарапынан 200 ге жуық қызмет мамандары қатысты.

Жиын басында Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасы Елшісі Чжан Ханьхуэй және Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Камалдинов  сөз сөйледі.

Чжан Ханьхуэй мырза өз сөзінде: «Сянган арнайы әкімшілік ауданы қазіргі таңдағы даму жетістіктері Қытай үкіметімен дұрыс бағытта басшылық жасап ажырамас қызмет атқаруы мен ішкі мемлекеттік экономиканың қарқынды дамуы жағдайымен үнемі байланыста болуының нәтижесі», — деді. Сондай-ақ, ол: «Сянган арнайы әкімшілік ауданы 21 ғасыр Теңіз Жібек Жолы орталығының маңызды бөлігіне айнала отырып, Қазақстанмен күннен күнге байланысы артып келеді. Қытай үкіметі Сянган әкімшілік ауданымен Қазақстанның жақын ынтымақтастықта жұмыс үстеуіне жоғары деңгейде қолдау көрсетіп отыр. Алдағы уақытта  Қазақстандық көптеген достарға Сянган арнайы әкімшілік ауданына барып саяхат жасап демалып қайтуларына ұсыныс айтамын. Біз барлығымыз біріміз үшін қызмет жасап, бір бірімізге үнемі қолдау көрсетуіміз қажет. Арманға жету үшін барлығымыз бірге аянбай еңбек етейік», — деп, сөз қорытындылады.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министірінің орынбасары Ақылбек Камалдинов мырза сөз кезегін жалғастырып, ол Қытай Халық Республикасының Сянган арнайы әкімшілік ауданы үкіметінен бөлініп Егемендік алғанының 20 жыл толуын құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Ол: «Биыл Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толып отыр. Осы 25 жыл уақыт аралағындағы қарым-қатынас ынтымақтастық байланыстың өнегесіне айналды. Қытай мен Қазақстан елдері жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықты тату көршілер және жақсы сенімді серіктес болып табылады. Саясат, экономика, мәдени, тұрмыстық және өзге де салаларда тығыз қызмет жасап келеді. Сянган арнайы әкімшілік ауданы Азия-Тынық мұхиты аймағында Қазақстанның маңызды сауда және инвестициялық әріптестерінің бірі болып табылады. Қазіргі таңда Қазақстандық кәсіпкерлер мен туристердің  Сянган арнайы әкімшілік ауданына деген  қызығушылықтары артып келеді. Біз қазіргі уақытта толығымен «Нұрлы жол» және «Бір белдеу бір жол» бағдарламасын жүзеге асыруда тың енбек етіп жатырмыз. Үстіміздегі жылдың маусым айында ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің кезекті үшінші рет Қазақстанға сапары жалғасты. Сапар барысында екі ел арасындағы саяси сенім шынайы сезімде, екіжақты қарым-қатынастың жоғары деңгейге жеткенін мәлімдеді. Болашақта екі ел арасындағы байланыс одан әрі нығая түсіп, достығымыз арта берсін», — деді, сөз соңында.

Өткізіліп отырған ресми шараға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Конфуций институтының Қазақстан тарапынан директоры, профессор Гүлжан Шоқым және Қытай тарапынан директоры,профессор Ли Цзяньхун мырза бастаған ұжым өкілдері да арнайы шақырту алып, қатысып қайтты. Ли Цзяньхун мырза Қытай Елшілігіне Конфуций институтын қолдап шақырғандарына рахмет айтып ықыласын білдірді.  Қытай Халық Республикасы Елшісі Чжан Ханьхуэй мырзаға қазіргі кезде  атқарылып жатқан Конфуций институтының бір қатар жұмыс түрлерін айтып жеткізді. Чжан Ханьхуэй мырза Конфуций институтының жұмыстарына жоғары баға беріп, қытай тілін оқыту мен екі ел арасындағы мәдениет алмасуда үлкен үлес қосып отқан оқу ошағы екенін атап айтып өтті.

Жиын соңында Конфуций институтының Қытай тарапынан директоры Ли Цзяньхун мырза Қытай бұқаралық ақпараттарына сұхбат беріп, журналистердің бір қатар сұрақтарына жауап берді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *