Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Экономика және құқық факультетінде Коворкинг орталығы мен «1С Бухгалтерия» оқу кабинеті ашылды

Экономика және құқық факультетінде Коворкинг орталығы мен «1С Бухгалтерия» оқу кабинеті ашылды

Бүгін  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің экономика және құқық факультеті базасында  «Коворкинг» орталығының ашылу салтанаты өтті.

Коворкинг — аймақ «дуалды білім беру» принциптеріне негізделген  ғылым мен бизнестің, өндірістің  тығыз байланысын орнатуға мүмкіндіктер ашады.  Коворкинг орталығында идеяларды талқылауға және жобаларды жүзеге асыруға қажетті жабдықтар, демалыс аймағы қарастырылған.

Аталмыш орталықтың  ашылу мақсаты –  студенттер, магистранттар, оқытушылар, жаңадан  бизнес бастаушы кәсіпкерлер, оқытушылар үшін бизнес құрылымдармен бірлескен жобаларға қатысу,  бизнес өкілдерімен бірлескен шешімдер қабылдау және тәжірибе алмасуға арналған арнайы жұмыс кеңістігін жасау.

Коворкинг орталығының ашылу салтанатына университет ректоры, профессор Б.А.Ердембеков және университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен «Даму» АҚ АФ-ның,  «Атамекен»  кәсіпкерлер палатасы АФ-ның өкілдері қатысты.

Салтанатты шара  экономика және құқық факультетінің «Қаржы және есеп» кафедрасында «1С Бухгалтерия» оқу кабинетінің ашылуымен жалғасты.  Онда  факультет оқытушысы Сексенова Айгүл Түлкібайқызы «1C» бағдарламасының жұмысы туралы презентация жасады.

«Есеп және аудит» мамандығының 4 курс студенті Айнұр Әбішкенова шарада жастар атынан сөз сөйлеп, ашылған  орталық пен кабинеттің студенттері үшін маңызды екенін айта келіп, университет басшылығына алғысын жеткізді.