Четверг, Март 28, 2024
Басты > Хабарландырулар > Ашық есік күндері өткізіледі

Ашық есік күндері өткізіледі

8-10.01.2018

2018 жылдың қаңтар айының 8-10 аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің физика-математика факультетінің кітапханасында Ашық есік күндері өткізіледі.

Келушілер техникалық, ақпараттық, физика-математикалық бағыттарда ғылыми, оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттермен таныса алады.

Сондай-ақ, кітапхана қорына кіріп, аралай алады.

Кітапханаға келушілер кестесі:

08.01.2018 – Информатика кафедрасы

09.01.2018 – Физика кафедрасы

10.01.2018 – Математика кафедрасы