Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Кәсіби бағдар беру — мамандықты дұрыс таңдаудың кепілі

Кәсіби бағдар беру — мамандықты дұрыс таңдаудың кепілі

Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде кәсіби бағдар беру жұмысы жанданды. Мұнда аталған жоғары оқу орнына түсемін деген әрбір мектеп бітірушіге барлық көмек көрсетіледі. Мамандықтар туралы ақпарат беріліп, дөңгелек үстелдер, тренингтер, ашық есік күндері ұйымдастырылатын болады.

Салтанатты түрде лентасы қиылған кәсіби бағдар беру алаңы өңірдегі беделді жоғары оқу орны үшін аса қажет. Бұрын тек буклеттер тарату арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келсе, енді бұл кабинет арқылы мамандықтардың қыр-сырын тереңінен білуге болады.

Бүгінде университеттің 10 факультетінде білім алушылар 55 сұранысқа ие мамандық бойынша оқуда. Биыл 4000 мектеп бітіруші — Жұбановтың студенті атанса, 2018-2019 оқу жылына 4500-ден аса түлекті қабылдау көзделіп отыр. Бұл тұрғыда кәсіби бағдар берумен айналысатын мобильді топтың жұмысы маңызды.

Ақтөбедегі іргелі оқу орны елімізде білім гранттары көп бөлінетін университеттердің қатарында. Білікті профессорлық-оқытушылық құрам мен белсенді студенттерден құралған ұжым, білімнің қара шаңырағы мектеп түлектерін Жұбанов университетіне оқуға шақырады.

Гүлбағда Қайратқызы

источник