Вторник, Январь 28, 2020
Басты > Жаңалықтар > Жаңа жылдық марапаттар

Жаңа жылдық марапаттар

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті ректорының арнайы Алғыс хатымен, қаржылай Сертификатымен марапатталған университеттің төмендегі профессор-оқытушылары, факультеттері және бөлімдерін шын жүректен құттықтаймыз!

Бастарыңызға бақ, еңбектеріңізге табыс, елімізге тыныштық тілейміз! Жаңа жыл сіздерге жаңа табыс, жаңа бақыт әкелсін!

«Ең үздік» факультет номинациясы:

— Педагогика факультеті (І орын)

— Экономика және құқық факультеті (ІІ орын)

— Тарих факультеті (ІІІ орын)

Ақпараттық технологияларды оқытуды енгізуде белсенділік танытқан, ғылыми және тәрбие беру жұмыстарында мол табыстарға жеткен кафедралар:

— «Мектепке дейінгі және арнаулы білім» кафедрасы (І орын)

— «Тарих және дінтану» кафедрасы (ІІ орын)

— «Физика» кафедрасы (ІІІ орын)

Әр түрлі бағыттарда жетістіктерге жеткен үздік кафедралар:

— «Экономика және менджмент» кафедрасы

— «Теориялық және қолданбалы тіл білім» кафедрасы

— «Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасы

— «Бейнелеу өнері және кәсіптік оқыту» кафедрасы

— «Биология» кафедрасы

— «Ағылшын және неміс тілдері» кафедрасы

Ғылым және педагогикалық қызметте қол жеткен жоғары көрсеткіштері үшін «Жыл оқытушылары» атағына ие болған профессор-оқытушылар:

— Тасимова А.А. — педагогика ғылымдарының кандидаты, педагогика және психология кафедрасының профессоры

— Иманғалиева Б.С. — педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, «Химия» кафедрасының оқытушысы

— Жантурина Н.Н. — PhD докторы, «Физика» кафедрасының аға оқытушысы

ҚР БжҒМ гранттары және ғылыми жобалары аясында ғылыми ізденістерде табыстарға жеткен «Үздік ғалым — зерттеуші» атағына ие болған оқытушылар:

— Бармина А.А. – физика-математика ғылымдарының кандидаты, «Физика» кафедрасының аға оқытушысы

— Тастанова Л.К. – химия ғылымдарының кандидаты, доцент, «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы

Үздік деп танылған департаменттер, орталықтар, құрылымдар:

— Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаменті

— Академиялық мәселелер және білім сапасын бағалау департаменті

— Халықаралық ынтымақтастық орталығы

— Материалдардың радиациялық физикасы ғылыми орталығы

— Цифрлық технологиялар орталығы

— Шаруашылық-техникалық бөлім