Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жаңа жылда университетте Қабақ баба кабинеті ашылады

Жаңа жылда университетте Қабақ баба кабинеті ашылады

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ХҮІІ ғасырда өмір сүрген тарихи тұлға Қабақ Айтұлы атындағы кабинет ашылады.

Қабақ Айтұлы шамамен 1611-1689 жылдары қазіргі Өзбекстан, Шыршық өзені, Аққайран деген жерде туып өскен. Ноғай ордасының билеушісі Мұсаханның ұрпағы. Ел ұйытқысы болған би. Сайрам соғысының қаһарманы Тілеу Айтұлының туған ағасы. Ағайынды екеуіне қатысты «Тілеу Қабақ» дейтін ән бар. Ойраттарға қарсы күрескен Бақтыбай, Жарас, Қарабас батырлардың, отарлық езгіге қарсы күрескен Есет Көтібарұлы, Ерназар-Бекет батырлардың, Әзберген Мұңайтпасұлының т.б. әйгілі адамдардың арғы атасы. Ақтөбе облысында ондаған мың ұрпақтары тұрады.

Бүгін «Қабақ баба» қоғамдық қорының төрағасы А.Үмбетай университет ректоры Б.Ердембековпен кездесіп, Қабақ Айтұлы атындағы кабинетін оқу ордамыздан ашу туралы ұсынысын жеткізді. Кабинет «Қабақ баба» қоғамдық қорының қаржысына жасақталатын болады.