Четверг, Июнь 4, 2020
Басты > БАҚ біз туралы > Барлық мамандыққа грант бөлінеді

Барлық мамандыққа грант бөлінеді

Құдайберген Жұбанов университетіне қарасты оқу корпустарының әрқайсысына әйгілі тұлғалардың есімі беріледі. Іргелі оқу ордасы үш тілділікті дамытып, қосымша мамандықтар енгізуді қолға алған. Шалғай елдімекендердегі шағын қамтылған мектептер мәселесін шешу үшін қосарланған мамандықтарды даярлайтын болады. Әзірге кадр тапшылығы мәселесі түбегейлі шешімін таппай отыр.

Құдайберген Жұбанов атындағы университет ректоры жылды қорытындылап, БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізді. Еліміздің батыс өңіріндегі беделді оқу орны саналатын Жұбанов университетінде бүгінде 11 мың студент білім алады. Басым бөлігі жатақханамен қамтылған. 8 мамандық бойынша жаңадан магистратура ашылды. 2018 жылдан бастап мамандықтың барлық түріне мемлекеттік грант бөлінеді. Студенттер үшін арнайы аллея ашып, оқу корпустарына танымал тұлғалардың есімін беру де жоспарда.

Бір жыл ішінде университет жанынан 10 орталық ашылды. Технопарк, жастар үйі, ғылыми-зерттеу орталықтары мен оқу әдістемелік кабинеттер бар. 2019 жылдан бастап ағылшын тілінде өтетін жаратылыстану пәндеріне мамандық дайындауды қазірден бастап отыр. Әрі ірі өндіріс орындарымен байланысты бекіткен. Келер жылы Гришин көшесінде орналасқан оқу корпусы жанынан жатақхана бой көтереді. Кездесу соңында университетке ақпараттық қолдау көрсеткен БАҚ өкілдері марапатталды.

Райгүл Еншібай

источник