Понедельник, Ноябрь 18, 2019
Басты > Жаңалықтар > Н.В.Адорованың 90-жылдық мерейтойына арналған ғылыми-практикалық семинар өтті

Н.В.Адорованың 90-жылдық мерейтойына арналған ғылыми-практикалық семинар өтті

Жұбанов университеті филология факультетінде орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының ұйымдастыруымен «ФИЛОЛОГИЯ: КЕШЕ, БҮГІН, ЕРТЕҢ..» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-семинар өткізілді. Семинар кафедра ардагері, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Адорова Нинель Васильевнаның 90 жылдығына арналды.

Кіріспе сөзді орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының меңгерушісі, доцент Айжанна Жуминова сөйлеп, халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-семинарды өткізудің маңыздылығын айтып өтті. Өз кезегінде ректор кеңесшісі Константин Цхай Нинель Васильевнаның факультеттің дамуына қосқан үлесіне тоқталды.

Кафедра оқытушысы Т.В.Коробкова ардагер ұстаздың өмір жолы жайында баяндама жасағаннан соң, Н.В.Адорованың өмірі мен шығармашылығы туралы бейнефильм көрсетілді.

Халықаралық онлайн-семинарға Ресей Федерациясы мен Қазақстанның ЖОО-ның ғалымдары, оқытушылары, магистранттары мен студенттері қатысты. Орынбор мемлекеттік университетінің 2 курс магистранты Ю.Д.Дровненко және гуманитарлық ғылымдар магистрі, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ оқытушысы Г.К.Абдрахманова техникалық мамандық студенттерінің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру және орыс тілі сабақтарында тілдік тұлға қалыптастыру мәселелерін тілге тиек етті.

Сонымен қатар университетіміздің 1 курс магистранты В.А.Чапаева мен ОМУ (РФ) 1 курс магистранты А.М.Мендинованың, филология факультеті «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 4 курс студенті А.Елеуованың баяндамалары мазмұндылығымен ерекшеленді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.