Вторник, Апрель 23, 2024
Басты > Жаңалықтар > Аса құрметті Нинель Васильевна!

Аса құрметті Нинель Васильевна!

Сізді Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар қауымы 90 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтайды!

Жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты сізді тоқсанның торабына да алып жетіпті. Ауыртпалығы мен жақсылығы қатар жүретін өмір өрісінде білім саласында абыроймен қызмет етіп, қалың жұртқа танымал үздіксіз еңбегіңіз, адамдармен тез тіл табысып, жат жұртқа да өз кісісіндей еркін еніп кететін жайдары мінезіңіз, әдебиет саласына қосқан зор үлесіңіз өз алдына бір төбе. Маңдай теріңізбен адал еңбегіңіздің, зор ізденіс пен қажырлы қайратыңыздың арқасында 1977 жылы Ленинград қаласында «Кеңес әдебиетінің тарихи қозғалысы, мектептерде курстық оқыту және оның әдістемелік негіздері» тақырыбындағы кандидаттық диссертацияңызды сәтті қорғадыңыз. Бойыңыздағы өжет қайсар мінезіңіздің арқасында кездескен қиындықтарға қарамай 40 жыл ұстаздық саласында тапжылмай қызмет етіп, тек Қазақстанға ғана емес, шетелге танымал шәкірттерді тәрбиелей білгеніңізді үлкен ерлік десек артық айтқандық емес.

Бала-шағаңызды әлпештеп өсіріп, немере-шөбере сүйіп, отбасы бақытына бөленіп отырған осындай мерейлі жасыңызда сізге зор денсаулық, сарқылмас шабыт, қажымас қайрат, мұқалмас қажырлылық, ортаймас қуат тілейміз!

90 жасқа толған мерейтойыңыз құтты болсын! Ұзақ та бақытты ғұмырды еншілеп, ел сүйіспеншілігіне бөленіп жүре беруіңізге тілектеспіз!