Вторник, Июль 17, 2018
Басты > Білім > Университет жаңа білім бағдарламаларын жасақтауға дайындалуда

Университет жаңа білім бағдарламаларын жасақтауға дайындалуда

Бүгін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде «Білім беру бағдарламаларын жасақтау қағидалары мен дидактикасы (әдістер мен рәсімделуі)» тақырыбында университетішілік әдістемелік семинар өтті.

Семинарға университеттің факультет декандары, кафедра меңгерушілері және бөлім басшылары мен әдістемелік кеңес төрайымдары қатысты.

Аталмыш семинардың мақсаты — модульдік білім беру бағдарламасы – бұл оқу үдерісін ұйымдастыру концепциясы, мұнда оқыту мақсаты ретінде білім алушы бойына кәсіби құзыреттіліктер жиынтығын сіңіру, ал оған қол жеткізу құралы – кәсіптік оқыту мазмұны мен құрылымын модульдік құру.

Семинарды университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Бибігүл Әбенова алғысөзімен ашып,  «Қазіргі кезде білім бағдарламаларын жасақтау бағытында  жаңа талаптар бар. Бірақ, жаңа талаптардың нормативтік құжаттарын иегере алатын бағдарламалар мен жасақтай алатын мүмкіндіктердің барлығын пайдалануға дайынбыз және сол бағытта жұмыс жасау үшін осы семинарды ұйымдастырып отырмыз.

Кез-келген жоғары оқу орны келесі оқу жылына өзінің барлық білім беру процесі мен қызметін бастау үшін білім беру бағдарламаларын қаңтар айынан бастап жасақтауы тиіс. Себебі, белгілі бір нормативтер мен талаптарға сай, модульдік білім бағдарламаларын жасақтауымыз керек», — деп,  семинар жұмысы мен семинар тақырыбының өзектілігіне  тоқталды.

Сондай-ақ, Бибігүл Сейілқызы «Білім беру бағдарламаларын жасақтау талаптары» тақырыбында жасап, модульдік білім беру бағдарламасына, білім бағыты, көптілділік, траектория сынды мәселелерді тілге тиек етті.

Өз кезегінде сөз алған «Академиялық мәселелер және білім сапасын бағалау» департаментінің директоры Сабырғали Бишекен «Модульдік оқу жоспарын құрастыру әдістемесі» тақырыбында баяндама жасап, онда модульдік білім бағдарламасының құрылымы, негізгі ұстанымдар, модульдердің түрлері мен модульдік оқу жоспарына тоқталды.   Педагогика факультетінің деканы Жанна Жусупова баяндамасында педагогикалық мамадықтардың білім беру траекторияларындағы жаңа бағыттары жайында айтты.  Сонымен қатар, семинар барысында аталмыш тақырыпқа қатысты бірнеше баяндама жасалып, баяндамашылар  білім беру бағдарламалары мен білім беру траекториясына қатысты баяндамаларын талқыға салды.

Сондай-ақ, семинарда модульдік білім беру бағдарламасының мақсаты мен міндеттері, оны жасақтауға қойылатын талаптар мен құрастыру әдістемесі, білім беру траекториясы негізінде элективті пәндерді ұйымдастыру, мамандықтардың білім траекторияларындағы жаңа бағыттар, орта білім мазмұнын жаңарту мәселелері қарастырылды.

Семинар соңында университеттің  оқу ісі жөніндегі проректоры Бибігүл Сейілқызы семинар жұмысын қорытындылап, айтылған пікірілер мен ұсыныстар алдағы жұмыс жоспарында ескерілетінін айтып,  толғамды түйін жасады.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *