Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Құрметті ақтөбеліктер! Қадірлі жерлестер!

Құрметті ақтөбеліктер! Қадірлі жерлестер!

Сіздерді жарқын және қуанышты Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл қасиетті күн адамдар арасындағы мейірімділікті, кешірімділікті, шыдамдылық  пен сүйіспеншілікті бейнелеп, жаңа өмірдің басталғанын сипаттайды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың дінаралық конфессияаралық саясатының арқасында біздің халықтарымыздың бірлігі мен дәстүрлі мәдени құндылықтары сақталып келеді. Бүгінгі күні Қазақстанда келісім мен тұрақтылық нығайып келеді.

Ақтөбе облысында қазіргі шақта 8 православтық қауымдастық, 6 шіркеу бар, жастар православиелік қанаты дамуда. Темір ауданында біздің аймақ үшін мәдени және тарихи маңызы бар шіркеуді қалпына келтіру аяқтала келді.

Бұл күні облысымыздың әрбір тұрғынына, әрбір отбасына тыныштық пен бақыт тілеймін!

Облыс әкімі Бердібек САПАРБАЕВ.

источник