Вторник, Апрель 16, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Дене шынықтыру» пәні бойынша жаңа инновациялық технологиялар пайдаланылмақ

«Дене шынықтыру» пәні бойынша жаңа инновациялық технологиялар пайдаланылмақ

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Төлеген Ботагариевтің жетекшілігімен «Жоғары оқу орнындағы «Дене тәрбиесі» сабағын оқытудың инновациялық технологиялары» тақырыбы бойынша халықаралық онлайн семинар өтті. Семинарға Польша елі Быдгощ қаласынан п.ғ.к., доцент Александр Скалий, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының профессор-оқытушылары, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылары, Абай атындағы Ұлттық мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылары қатысты.

Семинар барысында Александр Скалий баяндама жасап, Быдгощ қаласындағы Экономика университетінде «Дене шынықтыру» пәнін теориялық және практикалық оқытуда жаңа инновациялық технологияларды қолдану барысына тоқталды. Университеттің «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының меңгерушісі Төлеген Әміржанұлы Ботағариев, магистр Гульнар Курпишева Жұбанов университетіндегі «Дене шынықтыру» пәнін оқытудың жаңа тәжірибелік әдістерімен бөлісті. Сондай-ақ, п.ғ.д., профессор Алма Ильясова, п.ғ.к, профессор м.а. Нуролла Мамбетов, п.ғ.к.. профессор Алпысбай Аралбаевтар жасаған баяндамаларында жоғары оқу орындарында аталған пәнді оқытудағы педагогтық шеберлік, инновациялық технологияларды қолданудағы тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар семинарда интерактивтік технологияларды қолдану, басқа мамандықтарға «Дене шынықтыру» пәнін оқытудың әдістемесі, 1-2 курс студенттерін спортқа физикалық тұрғыда дайындау мәселелері айтылды, шетелдік және Қазақстандық ғалымдардың ғылыми жобалары талқыланды.