Вторник, Март 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Дизайнер-студенттер Қазан қаласында өткен «Арт-шырша» халықаралық байқауында озық өнер көрсетті

Дизайнер-студенттер Қазан қаласында өткен «Арт-шырша» халықаралық байқауында озық өнер көрсетті

 

2017 жылдың желтоқсан айының соңында Л.Толстой атындағы Қазан Федералды университетінің мәдениетаралық коммуникация институтында жоғарғы оқу орындары арасында өткен «Арт-шырша» халықаралық байқауы қорытындыланды. Аталмыш байқауға университеттің кәсіби-шығармашылық факультеті, «Дизайн» мамандығының 2-4 курс студенттері қатысқан болатын.

Байқау қорытындысында «Дәстүрлі емес материалдардан жасалған «Арт-шырша» номинациясы бойынша Гаухар Утеулиева мен Гуляйым Избасарова I дәрежелі дипломмен марапатталды. Ал Денис Степанов III орынды жеңіп алды. «Дәстүрлі материалдар Арт-нысаны» номинациясы бойынша 4 курс студенттерінен құралған командалық топ II дәрежелі диплом иеленді.