Пятница, Апрель 27, 2018
Басты > Жаңалықтар > Бүгін университет ұжымы Жолдауды Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұлмен бірге талқылады

Бүгін университет ұжымы Жолдауды Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұлмен бірге талқылады

Бүгін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, «Нұр Отан» партиясы Фракциясының мүшесі, Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы, РҚБ «Әмбебап жекпе-жек федерациясының» президенті, «Қазақстан Республикасының әскери-патриоттық спорттық клубтар Федерациясының» төрағасы Бақытбек Смағұл келіп, университеттің профессор-оқытушылары, студенттер, Ақтөбе облысы зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

Кездесуді университет ректоры, профессор Бауыржан Ердембеков кіріспе сөзбен ашып, «ҚР Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында сіздермен кездесіп отырмыз. Бүгінгі кездесудің арнайы қонағы — Бақытбек Смағұл. Бұл кісіні ел тек депутат ретінде ғана емес, халықтың қалаулысы, елінің елеулісі, ауған соғысының ардагері ретінде, батыр, ақын ретінде құрметтейді»,- дей келе, сөз кезегін мәжіліс депутатына берді.

Сөз алған Бақытбек Смағұл өз ойын былайша өрбітті: «Бәйтеректің қуаты тамырында десек, дарияның қуаты ағымында десек, шәкірттің қуаты білімінде екені сөзсіз. Білім нәрімен шәкірттерін сусындатып жүрген ұстаздардың алдында 70 елдің тілін білетін азаматтың өзі әркез шәкірт. Білім саласындағы азаматтардың барлығы қиын қыстау кезеңдерден білім беру үшін төтеп бере білді. Шын мәнінде білімсіз күн жоқ. Біздің барлық жетістігіміз осы ұстаздардың арқасы деп ойлаймын.

Тәуелсіздігімізді ел азаматтары бағалап, оның нұрлы болашағына, бабадан қалған аманат ретінде, аман-есен қалпында табыстауымыз керек. Орыс тілі, ағылшын тілі керек, бірақ ең алдымен ана тіліміздің, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеруіміз керек. Ұлттық рухпен сусындаған, иманмен нұрланған, ата-баба рухын сезінген, өзінің қазақ екенін таныған, жаны азат, қаны қазақ азамат қана болашақта өз елінің қожайынымын деп айта алады. Елбасы Жолдауында атап өткендей, біріншіден саналы, білімді ұрпақ қажет. Одан кейін дініміздің тазалығы, иманымыздың беріктігі бізді сақтап қалады»,- деп сөз соңында Ақтөбеге арнаған өлеңін оқыды.

Бұдан кейін сөзді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова алды: «Бір аптадан бері Ақтөбе өңіріне халық қалаулылары келіп, Елбасы саясаты, Жолдау жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Халықтың көкейінде жүрген көптеген сұрақтарға жауап берілді. Биылғы Жолдаудың негізгі мақсаты атқарылған

жұмыстарды пысықтау, келесі жылдағы алдымызда тұрған міндеттерді анықтау»,- деді.

Кездесу барысында Б.Смағұлға дін мәселесі, қазақ тілі мәртебесін көтеру мәселелері төңірегінде сұрақтар қойылды. Университет ректоры Бауыржан Аманкелдіұлы Мәжіліс депутатына жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысын көтеру мәселесіне орай ұсынысын жеткізді.

Кездесу соңында Бақытбек Смағұлға Қ.Жұбанов бейнесі бейнеленген кілемше мен кітаптар сыйға тартылды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *