Пятница, Апрель 27, 2018
Басты > Жаңалықтар > Елбасы Жолдауы жүктеген жаңа міндеттер

Елбасы Жолдауы жүктеген жаңа міндеттер

Жаратылыстану пәндері 2019 жылдан бастап ағылшын тілінде өтеді. Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе университеті бұл жаңашылдыққа тыңғылықты дайындалды. Цифрлық білім беруді дамытып, ақпараттық технологиялар мүмкіндігін арттырып отыр. Елбасы жолдауында көрсетілген басым бағыттарды университет ұжымы Мәжіліс депутаттарымен бірігіп талқылады.

Маңызды құжаттың жетінші бағыты білім берудің жаңа сапасына жіті тоқталды. Бұл — жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар мен кадрлар. Әсіресе, математика, жаратылыстану пәндерін оқытуға күш жұмсалады.

Университет жұмысы біртіндеп цифрлық технологияға көшіп келеді. Жастар үшін смарт үй, смарт кабинеттер ашылды. Ал, оқу орны жанынан студенттерге арналған қызмет көрсету орталығы өз жұмысын бастады.

Жиын барысында Жолдауда көрсетілген өзге де басым бағыттар талқыланып, жүзеге асыру үшін нақты міндеттер қойылды.

источник

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *