Пятница, Март 29, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Теория мен тәжірибені ұштастыру — уақыт талабы

Теория мен тәжірибені ұштастыру — уақыт талабы

Енді мектептер үшін мұғалім мамандар дуалды білім беру жүйесі арқылы дайындалады. Бұл туралы бүгін Жұбанов университетінде өткен семинар барысында айтылды. Облыстың бас мұғалімі дуалды оқыту арқылы даярланған мамандар шалғай ауылдардағы шағын мектептерге жұмысқа қабылданады деді.

Дуалды білім беру, оқу орнының кәсіпорын және өзге де ұйымдардың сұранысына орай мамандар даярлау дегенді білдіреді. Жұбанов университеті де теория мен тәжірибені ұштастырып білім беру ісін қолға алған. Бұл туралы бүгінгі семинар барысында кеңінен айтылды.

Дуалды оқыту әдісінің ең тиімді тұсы — түлектер бірден жұмыспен қамтылады. Ал, облыстың бас ұстазы Ләззат Аманжолова дуалды оқыту жүйесі арқылы даярланған мамандарды шағын комплектілі мектептерге алуға дайын екенін жеткізді.

Семинар барысында, бұл жүйені енгізуде, жоғары оқу орындарының тәжірибесін ескеру керектігі мол айтылды. Сондай-ақ, дуалды оқытуға негізделген іс-тәжірибенің озық тұстарын зерттеу, талдау керектігіне басымдық берілді.

Әнуарбек Мырзатайұлы

источник