Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Елбасының жолдауы талқыланды

Елбасының жолдауы талқыланды

Бүгін еліміздің барлық аймақтарында Елбасының жаңа Жолдауы түсіндірілді. Ақтөбелік белсенділер мен этно-мәдени бірлестік өкілдері де маңызды құжаттың мазмұнын талқылады.

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының биылғы Жолдауы 10 басымдықтан тұрады. Бұл елдің одан әрі өркендеп, тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін шешілуі тіис міндеттер дейді — ақтөбелік этномәдени бірлестік өкілдері. Әсіресе, жолдаудағы индустрияландыру, «ақылды» технологияларды енгізу, адам капиталын дамыту мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету тезірек қолға алынуы тиіс дейді.

Қоғамдық бірлестік өкілдері Жолдаудың жетінші бағыты — адам капиталды дамытуға көбірек тоқталды.

Елбасының жолдауы, жылдағы дәстүрге сай кеңінен насихатталатын болады. Ол үшін үгіт-насихат топтары құрылып, барлық еңбек ұжымдарында түсіндіріледі. Ауыл-аймақтар да қамтылады.

Әнуарбек Мырзатайұлы

источник