Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Пекиндегі қытай байланыс және коммуникация университетінің профессоры университетімізде қонақта

Пекиндегі қытай байланыс және коммуникация университетінің профессоры университетімізде қонақта

2017 жылдың 3 шілдесінде Пекиндегі Қытай байланыс және коммуникация университетінің профессоры, PhD, Қытай Тіл білімі институты қауымдастығы басқармасының мүшесі, дүние жүзілік қытай тілін оқыту қауымдастығының мүшесі, Қытай қолданбалы тіл қоғамының мүшесі  Син Синь ханым  Конфуций институтына қысқа сапармен қонақ болып келді. Син Синь ханым ғылыми-зерттеу бағытында сөз қозғап, Конфуций институтының оқытушыларымен қытай тілін оқыту мәселесі бойынша кеңес жүргізді.

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ  Конфуций институтының Қазақстан тарапынан директоры, профессор Шоқым Гүлжан Тыныштықбайқызы Конфуций институтының қазіргі таңда атқарылып жатқан негізгі жұмыстарымен таныстырды. Ол: «Конфуций институты Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың 25 жылдығына орай «Жаңа жібек жолы: білім мен ғылым кеңістігінде» тақырыбындағы ғылыми жинақ шығаруды жоспарлап отыр. 2013 жылдан бастап редакция қазақ және қытай тілдеріндегі «Актөбе-Конфуций» журналын шығарып келеді. Журнал Қазақстан және Қытайдың  білім беру саласы, мәдениеті мен қоғамдық өмірі жөнінде тоқсан сайын шығарылатын мәдени танымдық басылым болып табылады. Сондай-ақ, Конфуций институты Казақстан мен Қытай елдері арасындағы достық ынтымақтастық байланысты орнатуда өз үлесін қосып келеді. Конфуций институтының жұмысымен жақын танысқан Син Синь ханым  жасалып жатқан жұмыстарға жоғары бағасын берді. Азия мемлекеттері арасындағы достық қарым-қатынас өте жоғары қарқынды дамуда. Өйткені, тіл мен мәдениет алмасу жұмыстары аясында көптеген маңызды іс-шаралар атқарылып жатыр. Сондықтан, қай саланың байланысы болмасын тіл мен мәдениеттің алатын орны ерекше. Алдағы уақытта Конфуций институтының барлық саласындағы жұмыстарына сәттілік тілеймін. Тіл мен мәдениетті оқытуда жоғары жетістіктерге жете берсін. Конфуций институтының ұжымына шығармашылық табыс тілеймін»,- деді, өз сөзінде.

Университеттің Конфуций институты Қытай тарапынан директоры, профессор Ли Цзяньхун Син Синь ханымға арнайы қонақ болып келгеніне алғысын жеткізіп, болашақта тілді оқыту және ғылыми-теориялық зерттеулер тәжірибесі аясында ғылыми тақырыптарда семинарлар жүргізіп, тығыз байланыс орнатуға қажетті жұмыстар жүргізетін боламыз, — деді.