Вторник, Апрель 23, 2024
Басты > Білім > Жұбанов университетінің «Білім» бағытының оқытушылары жаңартылған оқу бағдарламаларын игеріп келді

Жұбанов университетінің «Білім» бағытының оқытушылары жаңартылған оқу бағдарламаларын игеріп келді

Бүгін «Капитал Плаза» бизнес орталығының конференц-залында Жұбанов университетінің Қосымша білім беру орталығы (жетекшісі А.Кенжеғұлова) мен Педагогикалық шеберлік орталығының (директоры Т.Ә.Акимова) ұйымдастыруымен  оқу-әдістемелік бөлімінің жоспары бойынша  «Жаңартылған бағдарлама: тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында өткен семинарға университеттің «Білім» бағытында сабақ беретін 43 оқытушы қатысып, жаңартылған оқу бағдарламаларын игеріп келді.

Оларды былтырғы оқу жылынан бастап мектептердің 1,5,7 кластарына енгізілген жаңартылған оқу бағдарламаларының қыр-сырымен таныстырған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның Ақтөбе қаласындағы «Педагогикалық шеберлік» орталығының тренерлері Тұрсынай Көпжасарова мен Венера Андирова оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларының құрылымдық ерекшеліктеріне, тиімді оқу тәсілдер түрлеріне, критериалды бағалау жүйесінің мазмұнына кең тоқталды.

«Бұл реттегі мақсат   жаңартылған оқу бағдарламаларына қатысты іс-шараларды пысықтау.

Жаңартылған оқу бағдарламалары оқушыларды тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған және оны енгізу 2018-19 оқу жылдарында әрі қарай 3,6,8 кластарда жалғасатын болады.