Среда, Июнь 3, 2020
Басты > БАҚ біз туралы > Ардагер ұстаздардың мерейтойы

Ардагер ұстаздардың мерейтойы

Экономика ғылымының жілігін шағып майын ішкен қос ардагер ұстаз 70 жасқа толды. Құдайберген Жұбанов университетінің профессорлық — оқытушы құрамы экономика ғылымдарының кандидаттары Жұмабай Атаниязов пен Мақсат Исмағұловты мерейтойларымен құттықтады. Екеуі де іргелі оқу ордасында жиырма жылдан астам уақыт еңбек етіп, талай шәкірт тәрбиеледі. Олардан тәлім алғандар бүгінде еліміздің түпкір түпкірінде абыройлы қызмет атқарып жүр. Ел экономикасына зор үлес қосып келеді. Ардагер ұстаздардың Білім және ғылым саласына қосқан ерен еңбектері еленіп, университет ұжымы атынан бағалы сыйлық пен  алғыс хат табысталды.

источник