Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Білім > Әдістемелік семинарда IT-технологиялар саласындағы бастамалар талқыланды

Әдістемелік семинарда IT-технологиялар саласындағы бастамалар талқыланды

Бүгін Жұбанов университетінде физика-математика факультеті мен техникалық факультеттің ұйымдастыруымен «Білім беру жүйесіндегі инновациялық әдістер мен IT-технологиялар» тақырыбында әдістемілк семинар өтті.

Семинарға университеттің 40-қа жуық профессор-оқытушылары қатысып, білім беру жүйесіндегі инновациялық әдістерді игерді. Әдістемелік семинарға қатысушылар алдымен факультет оқытушыларының жетістері көрмесін тамашалады.

Әдістемелік семинардың ашылуында физика-математика факультетінің деканы, физика-матемика ғылымдарының кандидаты, доцент Хасен Тоқтарұлы Отаров «Білім беру жүйесіндегі инновациялық әдістер мен IT-технологиялар мәселесі қазіргі уақытта заманауи мәселе және уақыт талабы болып отыр. Әрбір жоғары оқу орындары осы талаптарға сәйкес жұмыс жүргізуге тырысады. Бұл мәселеге университет тарапынан қолдау тауып, үлкен мән беріліп келе жатыр. Сондықтан бүгінгі әдістемелік семинардың өзектілігі мен маңыздылығы жағынан қарастырып, бұл шара дер кезінде ұйымдастырылып отыр», — деді.

Содан соң техникалық факультеті деканының өндіріспен байланыс және ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі орынбасары Ербол Қуатбайұлы Қуатбай білім беру жүйесіндегі инновациялық әдістер мен IT-технологиялар тақырыбына кең осы саладағы факультеттегі тәжірибелермен бөлісті.

Физика-математика факультетінің аға оқытушылары Ж.Қ.Убаева мен А.А.Жұмағұлова «Пәннің ӨЖ тапсырмаларын Online жіберу мен қабылдауды ұйымдастыру» тақырыбында семинарға қатысушылармен тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, техникалық факультеттің аға оқытушысы Е.П.Котик «Мұнай-газ ісі мамандығының арнайы пәндері бойынша практикалық сабақтарды жүргізуде тренажер-имитаторларды қолдану» тақырыбында сөз қозғады.

Әдістемелік семинарда сондай-ақ аға оқытушылар: К.С.Баешова, А.Д.Сарман, З.К.Нугаева, М.Б.Ермановтар шеберлік кластарын өткізсе, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент А.Қ.Жұбаев физиканы оқытуда IT-технологиялар қолдану жөнінде баяндады.

Семинарға қатысушылар семинар тақырыптарына үлкен қызығушылық танытып, талқылауға белсенді қатысты.