Среда, Июнь 3, 2020
Басты > БАҚ біз туралы > Ақпараттық топ Қандыағашта

Ақпараттық топ Қандыағашта

Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын түсіндіру, насихаттау мақсатында облыс әкімдігі тарапынан құрылған ақпараттық топ Мұғалжар ауданында болып, актив жиналысына қатысты. Топ  құрамында тарихшы-ғалымдар, дәрігерлер  бар. Олар жолдаудағы басымдықтарға жеке-жеке тоқталды.

Елбасы Жолдаудың жетінші тармағында денсаулық туралы айта келе, үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт деп осы саланы дамыту жайы туралы айтады.  Басты талап-аурудың алдын алуға баса назар аударады. Әсіресе,  жастардың репродуктивті денсаулығын нығайту.

Денсаулық саласына қатысты Елбасы қойған екінші мәселе-онкологиялық  ауруларды азайту. Өңір бойынша онкологиялық ахуал жаман емес, көрсеткіш төмендеп келеді дейді мамандар.

Кездесу барысында ауылдықтар толғандырған сауалдарын қойып мамандардан кеңес алды. оларға ауданның алдағы даму жоспары туралы аудан әкімі Ербол Данағұлов айтып берді

Ұлағат Арғын

источник