Понедельник, Апрель 6, 2020
Басты > БАҚ біз туралы > Әріптестік кездесу

Әріптестік кездесу

Назарбаев мектебінің түлектерін Жұбанов университеті бірден екінші курсқа қабылдауы мүмкін. Бүгін Назарбаев мектебі мен университет басшылықтары кездесіп, осы ұсынысты талқылады. Белгілі болғаны, мұндай тәжірибе Қазақстанда бар. Мәселен, Қазақ-британ университеті зияткерлік мектепті бітірген оқушыларды екінші курсқа қабылдауды шешкен.

Назарбаев зияткерлік мектебі білімнің қара шаңырағы — Құдайберген Жұбанов университетімен байланысты нығайтуға ниетті. Дәлірек айтақанда, зияткерлік мектептің талаптарынан сүрінбей өткен шәкірттерді оқу орнының екінші курсынан қабылдау туралы ұсыныс жасалды.

Әріптестік кездесуге Жұбанов университетінің ректоры Бауыржан Ердембеков бастаған профессорлық-оқытушылар құрамы,  «Назарбаев Зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымының басқарма төрағасы Күләш Шамшадинова қатысты. Мектептердегі  оқу бағдарламаларының олқы тұстары, толықтыруды қажет ететін мәселелер талқыланды.

Осы басқосуда балалардың алған білімдерін өмірлеріне бейімдеу мәселесінде ақсайтынымыз ашық айтылды. Бұл тұрғыда дамыған мемлекеттердегі оқу бағдарламасының артықшылығы, шетел оқушыларының көрсеткіштері салыстырылды.

Венера Серғазина

источник