Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің 30 студенті Үрімшідегі Шыңжаң қаржы-экономикалық университетінде семестрлік оқуларын аяқтады

Жұбанов университетінің 30 студенті Үрімшідегі Шыңжаң қаржы-экономикалық университетінде семестрлік оқуларын аяқтады

ҚХР оқу бағдарламасы Қазақстаннан мүлдем өзгеше, бірақ студенттер үшін басқа университетте 1 семестр бойы білім алу өте қызықты болды. Олар көп нәрсені үйреніп келді. Сабақтар қытай тілінде өткізілді, бұл тілдің білім деңгейін күшейтуге мүмкіндік берді. Барлық студенттер — Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ жанындағы Конфуций институтының білім алушылары және көптеген жылдар бойы қытай тілін оқып жатыр. Біздің студенттер оқудағы жақсы көрсеткіштерімен қатар, университеттің спорттық және мәдени іс-шараларына белсенді қатысқаны үшін жоғары номинацияға және жүлделі орынға ие болды. Басқа елде білім ала жүріп,студенттер жаңа достар да тапты. Олар осылайша, Шыңжаң қаржы-экономикалық университетінде оқуын табысты аяқтап, семестрлік жақсы бағалармен оралды.

Оқу аяқталғаннан кейін, академиялық ұтқырлық бағдарламасының барлық қатысушылары оқыған барлық пәндердің транскрипттерін тапсырды, пәндердің әрқайсысы бойынша кредиттер саны мен бағалар құрайтын баллдарды алды.

Шыңжаң қаржы-экономикалық университеті Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ үшін білім және ғылым саласындағы сенімді әріптес болып табылады. Соңғы бірнеше жылда студенттерді академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында белсенді түрде алмасуға мүмкіндік беріп отыр. Академиялық ұтқырлық студенттерді белгілі бір қасиеттерге автоматты және ұқыпты түрде дамытады, сыртқы әлеммен өзара әрекеттесу жолдарын таңдау мүмкіндігі, салыстырмалы түрде ойлау қабілетін, мәдениетаралық қарым-қатынас қабілеті, өзін-өзі қабылдауды өзгерту мүмкіндігі, өзге елді мәдениаралық контексте қарау және іштен өзге ұлттың мәдениетін тани білу мүмкіндігіне баулиды. Сонымен қатар, Болон декларациясының ұсынымдарына сәйкес, әр студенттің семестрді басқа мекемеде, жақсырағы шет елде өткізгені жөн болып табылады.