Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Мәскеудің ATBE компаниясымен көптілді мәдениет мәселелерін қамтыған онлайн-семинар өтті

Мәскеудің ATBE компаниясымен көптілді мәдениет мәселелерін қамтыған онлайн-семинар өтті

Университеттің филология факультеті «Орыс филологиясы және мәдениетаралық қарым-қатынас» кафедрасының ұйымдастыруымен «Көптілді мәдениет-ұлтаралық қарым-қатынас бағыты» атты халықаралық ғылыми—практикалық онлайн-семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты мамандандырылмайтын факультеттерде арнайы пәндерді шет тілінде оқыту арқылы тәжірибе алмасу, шет тілін полилингвальды кеңістікте оқыту, мәдениетаралық қарым-қатынас, лингводидактика мәселелерін талқылауға арналды.

Семинарды ғылыми инновациялық бағдарламалар департаментінің директоры Мақсұт Жиенқожаев кіріспе сөзбен ашып, шет тілінде білім берудің маңыздылығын атап өтті.

Мәскеуден семинарға онлайн режимде қосылған экономика ғылымдарының кандидаты, ATBE компаниясының бас директоры, Ресей мен ТМД елдеріндегі Rosetta Stone халықаралық холдингінің ресми өкілі Антон Ильинский шет тілдерін онлайн оқыту жүйесі туралы айтып берді.

Сондай-ақ, семинар барысында «Орыс филологиясы және мәдениетаралық қарым-қатынас» кафедрасының оқытушылары Аэлита Сағиева «Шет тілін ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқыту», Сауле Өмірзақова «Лингво-мәдени аспект арқылы шет тілін оқыту» Гүлжайнар Тұрмағамбетова «Орыс және қазақ тілінде оқытылатын топтарда шет тілін оқыту ерекшеліктері», Светлана Нягу «Мамандандырылмайтын факультеттердің практикалық сабақтарында ағылшын тіліндегі түпнұсқалық мәтін» тақырыптарындағы мазмұнды баяндамаларын жасап, ондағы өзекті мәселелерді талқыға салды.