Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Халықаралық аға тьютор З.Имжарова интерактивті режимде оқытуға үйретті

Халықаралық аға тьютор З.Имжарова интерактивті режимде оқытуға үйретті

Үздіксіз білім беру институтының Біліктілікті арттыру орталығы және Оқу- әдістемелік бөлімінің ұйымдастыруымен Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің профессор-оқытушылар құрамы үшін «Интерактивті режимде оқыту: өзектілігі, проблемалары мен перспективалары» атты университетішілік әдістемелік семинар өткізді.

Бұл семинар ағымдағы жылдың ақпан айында өтетін дәстүрлі университеттік «Интерактивті формадағы үздік ашық сабақ» байқауына қатысуға университет оқытушыларын даярлауға бағытталған.

Семинардың интербелсенділігі қатысушыларға өзара еркін араласып, пікір алмасуға, өз ойларын ашық жеткізуге шығармашылық орта қамтамасыз ете алды.

Әдістемелік семинарды педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚР-ның білім қызметкелерінің біліктілігін көтеру деңгейлі Бағдарламасының «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығымен сертификатталған озық бапкері, халықаралық аға тьюторы Зауреш Имжарова жүргізді.