Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Оралдық магистрант А.Омықованың Жұбанов университетіндегі ғылыми тағылымдамасы сәтті аяқталды

Оралдық магистрант А.Омықованың Жұбанов университетіндегі ғылыми тағылымдамасы сәтті аяқталды

Қаңтар  айының 9-нан 19-на  дейінгі аралықта М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің   «Педагогика және психология» мамандығының  магистрант Омықова Ақнұр  Жұбанов университетінде екі оқу жоғары оқу орнының арасындағы өзара ынтымақтастық жайындағы келісімшарт негізінде ғылыми тағылымдамадан өтті.

Ғылыми тағылымдама барысында оралдық магистрантқа университеттің  педагогика факультетінің кафедраларының жұмысы таныстырылды. А.Омықова өзінің  «Мұғалімнің педагогикалық этикасын қалыптастырудың педагогикалық шарттары» тақырыбындағы диссертациясына байланысты университеттің ғылыми кітапханасындағы сирек кездесетін кітаптар және басылымдармен жұмыс жасап, мәліметтер жинады. Сондай-ақ,  ол п.ғ.к., аға оқытушы  Г.Кусаметованың «Замануи педагогика мен психологияның өзекті мәселелері»,  п.ғ.к., профессор А.А.Тасимованың «Ғылыми зерттеудің әдіснамасы», PhD докторы  Қ.Т.Қуанжанованың «Заманауи психологиялық тренингтің ерекшеліктері», PhD докторы Д.Б.Ахметованың «Психологиялық кеңес берудің теориясы мен практикасы», PhD докторы Ж.Е.Иманчиевтің «Педагогикалық іс-әрекеттегі психологияның маңызы», п.ғ.к., доцент А.К.Тоғайбаеваның «Ғылыми мақала жазуға қойылатын талаптар», п.ғ.к., доцент А.М.Тағанованың «Жоғары білім беру жүйесіндегі инновациялқ технологиялар»  дәрістеріне қатысты.

Жас зерттеуші университеттің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры, профессор  Р.А.Бекназаровпен,  ЖООКББ бастығы А.Ж.Нуритдиновамен, факультеті деканы Ж.А.Жусуповамен кездесіп,  ғылыми зерттеу нәтижелерінің барысымен бөлісті.

Ғылыми тағылымдама қорытындысы бойынша магистрант Ақнұр  Омықоваға сертификат тапсырылды.