Четверг, Апрель 18, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Алғашқы аймақтық отырыс

Алғашқы аймақтық отырыс

Жолдау

Ақтөбеде «Мирас» аймақтық кеңесінің жыл басындағы алғашқы отырысы өтті. Жиында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауы талқыланып, кеңестің 2018 жылға арналған жоспарына ұсыныстар мен толықтырулар енгізілді.  

Отырысты ашқан «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының орынбасары Нұрхан Ағниязов Елбасы Жолдауы  алдымыздағы нақты міндеттерді белгілеп, жалпы халықтың келешекке деген сенімін нығайта түскендігін, дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатында елімізде көптеген ауқымды шаралар атқарылып жатқандығын айтты.

Жиында сөз алған халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымы төрағасының орынбасары Жанғабыл Қабақбаев бұл күнде еліміз дамудың жаңа кезеңіне аяқ басқандығын, Елбасы кезекті Жолдауы  елдің, халықтың тарапынан кең қолдау тауып отырғандығын атап өтті. Сондай-ақ, ол Жолдауда айқын аталып көрсетілген 10 бағыттың ішіндегі жетіншісіне тоқталды.  Мұнда Елбасы айрықша шеберлікпен «Қазақстанның болашағы қазақ, орыс және ағылшын тілдерін толық меңгеруінде» деп көрсеткен болатын. Осы бағытта еліміз бойынша, біздің аймақ бойынша қазір көптеген шаруалар жүзеге асырылып жатқандығын жеткізді.

Кеңесте өз пікірін білдірген Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің аға оқытушысы Айшуақ Бақыт Жолдауда көрсетілген нақты міндеттерді орындауда біздің облыстың толықтай мүмкіндігі бар екенін айта келе, «Мирас» қоғамдық қорының жұмысына да тоқталып, бұл жөнінен көрші өңірлер тәжірибесімен бөлісу керек деген өз ұсынысын ортаға салды.

Жиын соңында, ұсыныстар қабылданып, басты пікірлер «Мирас» қоғамдық кеңесінің жоспарына енгізілді.

Айта кетейік, аймақтық кеңес отырысына «Бірлік және келісім»,«Мәдениет пен өнерді дамыту», «Тіл саясатын талдау және мониторинг» топтары қатысты.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

источник