Пятница, Март 29, 2024
Басты > Хабарландырулар > Оқытушылар, магистранттар және студенттер назарына!

Оқытушылар, магистранттар және студенттер назарына!

Жеке және кәсіби өсуге бағытталған эксклюзивті вебинарлар сериясы басталады

07.02.2018

«Ай Пи Эр Медиа» компаниясының ұйымдастыруымен жеке және кәсіби өсуге бағытталған басқарудың көкейкесті мәселелері бойынша 7-ші ақпаннан бастап эксклюзивті вебинарлар сериясы басталады. Тренингтердің толық циклі — үш айлық оқыту (ақпан, наурыз, сәуір). Тренингтер қайталанбайды, бірін-бірі толықтырып отырады.

Кейіннен тренингтің бейнебаспалары компанияның YouTube арнасында орналастырылады.

Бұл жоба Волга облысындағы ең танымал бизнес-тренерлердің бірі Сергей Потаповпен бірлесіп әзірленді. 17 жыл бойы МВА бағдарламасының оқытушысы және кадрлық кеңес беру бойынша жаттықтырушы ретінде 14 кітап жазды. Тоғыз мультимедиялық басқару оқулықтарын шығарды. 60 аудио кітап шығарып, 500-ден астам компанияны оқытты. Жоғары деңгейдегі қызметкерлерді кәсіби психологиялық зерттеулерге және сұхбат жүргізу тәжірибесіне негіздеген, оның әдісі Ресейде және шетелде көптеген бизнес көшбасшыларымен танылған.

Тренингтер барысында қазіргі кездегі аса қажет көшбасшының ең маңызды дағдыларын дамыту қарастырылады. Қазірдің өзінде сіз ақпан айына арналған оқу бағдарламасын зерттей аласыз және іс-шараға тіркеле аласыз.

2018 жылдың ақпан айындағы вебинарлар кестесі

Күні, уақыты Вебинардың атауы Тіркелуге сілтеме

7 ақпан, 1918 жыл

Мәскеу уақытымен

10-00 «Мақсаттарды орындау және жетілдіру» тренингі http://b19080.vr.mirapolis.ru/mira/s/YIlu3P

14 ақпан, 1918 жыл

Мәскеу уақытымен

10-00 «Уақытты басқару» тренингі http://b19080.vr.mirapolis.ru/mira/s/QCVHnZ

28 ақпан,1918 жыл

Мәскеу уақытымен

10-00 «Тиімді коммуникация» тренингі http://b19080.vr.mirapolis.ru/mira/s/Vpuqja