Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Хабарландырулар > Мектеп бітіруші түлектерге «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша олимпиада өтеді

Мектеп бітіруші түлектерге «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша олимпиада өтеді

06.02.18 — 28.03.2018

Мектеп бітіруші түлектердің мамандыққа қызығушылығын ояту, кәсіби бағдар беру, шығармашылық әлеуетін дамыту, «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына білім алуға қызығушылығын арттыру мақсатында пәндік олимпиада өткізіледі.

Олимпиада екі сатыдан тұрады:

— іріктеу сатысы – сырттай: 06.02.18ж. – 20.02.18ж;

— қорытынды саты – ішкі: 28.03.18ж.

Іріктеу сатысында берілген тақырыптар бойынша эссе жазылады.

Эссе тақырыптары:

1.«Арман – жарқын болашақ бейнесі»

2.«Мамандық – жетістік мерейі»

Эссені 2018 жылдың 20 ақпанына дейін электронды почта арқылы zina – 0471@ mail.ru мекен-жайына «олимпиада» деген хат атауымен жіберу қажет.

Толық ақпаратты төмендегі ақпараттық хаттан біле аласыздар.

Ақпараттық хат