Четверг, Апрель 18, 2024
Басты > Хабарландырулар > Халықаралық ынтымақтастық орталығы Түркия Республикасы «Мәулана» академиялық алмасу бағдарламасы байқауына қатысуға шақырады

Халықаралық ынтымақтастық орталығы Түркия Республикасы «Мәулана» академиялық алмасу бағдарламасы байқауына қатысуға шақырады

Байқау 2018 жылдың ақпан-мамыр айларында өткізіледі.

Бірінші кезеңде байқауға қатысушылар Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде конкурстық комиссиясының іріктеуінен өтеді. Екінші, үшінші және қорытынды кезеңдер — серіктес ЖОО-лардың конкурстық комиссиясынан сарапталады.

«Мәулана» алмасу бағдарламасының гранттары білім алушыларға бір семестр тегін білім алуға, ай сайын «Мәулана» стипендиясын алуға мүмкіндік береді, ал оқытушылар 1 аптадан 3 айға дейін аралықта дәріс жүргізіп, зерттеулер жүргізе алады. Транспорттық, визалық және жатын орын шығындары үміткердің өз есебінен төленеді.

Байқауға қатысушы үміткерлер құжаттары 2018 жылдың 15 ақпанынан кешіктірілмей тапсырылуы тиіс.

Ақпараттық хат