Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жастар саясаты > Жүлделі орындар — Жұбанов университеті шаңғышыларында

Жүлделі орындар — Жұбанов университеті шаңғышыларында

Ағымдағы жылдың ақпан айының 2-3 аралығында Астана қаласының 20 жылдығына арналған Шаңғы спортынан  Ақтөбе облысы чемпионаты өтті. Облыстық чемпионатқа университетіміздің спортшылары да қатысты.

Жарыстың бірінші күнгі қорытындысында 15 км қашықтықта еркін жүрістен университетіміздің кәсіби-шығармашылық факультетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 4-курс студенті Самғат Салават І орынды жеңіп алса, «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының оқытушысы Айбек Габдуллин ІІІ орынды иеленді.

Жарыстың екінші күнінде де Жұбанов университеті шаңғышылары қарсыластарынан басымдық танытты. 10 км қашықтыққа классикалық жүрістен Самғат Салават І орынды иеленді.