Понедельник, Декабрь 10, 2018
Басты > Жаңалықтар > Университеттің «Мұнай және газ ісі» мамандығының 4 студенті Уфадан оқып келді

Университеттің «Мұнай және газ ісі» мамандығының 4 студенті Уфадан оқып келді

Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында «Мұнай және газ ісі» мамандығының 4 студенті: Даурен Кожин, Наргиз Жуманбетова, Аслан Тюлебаев, Индира Тулегенова Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетінде семестрлік оқудан өтіп келді.

Студенттер онда «Жобалау негіздері», «Термодинамика негіздері және жылу тасымалдау», «Мұнай-газ жабдығының трибология негіздері», «Тетіктер мен машиналар теориясы», «Құрылымдық материалдардың технологиясы» және т.б. пәндерді игеріп, білімдерін арттырып, тәжірибе жинақтады. Олар өздерінің көптеген достар тапқанын, өзге елдің мәдениетін көру, білім жүйесімен танысу танымдарының кеңейе түсуіне ықпал еткенін айтады. Қазақстандық студенттер бұл жолы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетінде қарсы алғандарын, шетелдік достарына арнап мерекелік концерт өткізіп, қазақтың домбырасын тартып, ана тілінде ән айтқандықтарын мақтанышпен жеткізді. Олар осы арқылы өзге елде өздерінің ұлттық мәдениетін және туған елін сүйетіндігін көрсеттік дейді.

Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті (УММТУ) — Ресейдегі мұнай және газ саласындағы ең ірі университет болып табылады. Аталмыш жоғары оқу орны мұнай мен газ барлаудан бастап, оларды қайта өңдеуге дейін мұнай және газ өнеркәсібінің барлық қызмет бағыттары бойынша қызметкерлерді оқытады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.