Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жастар саясаты > Жұбанов университетінің 5 студенті Каунас қаласындағы Витаутас Магнус университетінде оқып келді

Жұбанов университетінің 5 студенті Каунас қаласындағы Витаутас Магнус университетінде оқып келді

Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Жұбанов университетінің 5 студенті: Али Азамат, Жанкелді Досжанов, Гульфайруз Файзуллаева, Маржангуль Жаксылыкова, Лаула Калмагамбетова «Математика», «Физика», «Экология», «Химия» мамандықтары бойынша Каунас қаласындағы Витаутас Магнус университетінде бір семестр білімдерін толықтырып келді.

Витаутас Магнус университетінде шамамен 10 мың студент, оның ішінде Еуропа елдерінің және Шығыс Азия елдерінің, Жапония, Бразилия, Оңтүстік Африка және т.б. студенттері білім алуда. Университетте 29 факультет пен орталықты біріктіретін 10 факультет пен 2 институт және де Каунас ботаникалық бағы жұмыс істейді.

Оқумен қатар университет студенттері түрлі тренингтерге, халықаралық фольклорлық фестивалге қатысып, аталған университеттің футбол командасының құрамында ойын көрсетті. Студенттерге белсенділігі және университеттің өміріне қосқан үлесі үшін арнайы сыйлықтар берілді. Сонымен қатар олар Польша, Латвия, Испания, Германия, Голландия, Франция, Италия және Германия сияқты еуропалық елдерге барып, аралап, шет елдің мәдениетімен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Айта кетуіміз керек, Витаутас Магнус университеті біздің университетіміздің маңызды стратегиялық серіктесі болып табылады. Сондықтан әр семестр сайын университет студенттеріне аталған оқу орнында білім алуға арнайы білім гранттарын бөліп отыру жоспарлануда.