Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жастар саясаты > Университет студенті спорт шебері атағын алды

Университет студенті спорт шебері атағын алды

Үстіміздегі жылдың ақпан айының басында Петропавл қаласында грек-рим күресінен Қазақстан чемпионаты өтті.

Аталмыш чемпионатқа университеттің кәсіби-шығармашылық факультетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 4-курс студенті Азамат Өтемісов қатысып, жүлделі екінші орынды жеңіп алды. Сондай-ақ, осы жарыс нәтижесінде Қазақстан Республикасының спорт шебері атағына ие болды.