Четверг, Март 28, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Оқушылар «Университет түніне» келді

Оқушылар «Университет түніне» келді

«Университет түні». Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде өткен шара осылай аталды. Оған мектеп оқушылары шақырылды. Биыл мектеп бітіретін балаларға талапкер болудың шарттары айтылды, мамандық таңдаудағы кеңестер берілді.

Университет түні деп аталған шара жоғары оқу орны мен мектептер арасындағы байланысты нығайту үшін ұйымдастырылды. Дәлірек айтқанда, биыл мектеп бітіретін 11-ші класс оқушыларға мамандық таңдауда көмектесу — негізгі мақсат.

НАЗАРБЕК  ӘБДІРАМАНОВ, Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АӨМУ ӨКІЛІ

— Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалу үшін негізгі пән таңдау оқушыларға оңай емес. Сондықтан, біздің осы шарамыз оларға бағыт береді, дұрыс таңдау жасауға көмектесеміз деп ойлаймын

Әр факультет студенттері оқып жатқан мамандықтарын таныстырды. Абылайхан Аманжол көркемсурет және сызу факультетінің студенті. Ол ө мамандығын барынша жарнамалауға тырысқан студент көркемсурет лицейінің түлегі. Осы шарада өзінің дипломдық жұмысын көрсетті.

Осы шараға қатысқан оқушылар университет өмірімен, мамандық түрлерімен танысты. Жетістіктерін көрді, өздеріне ой түйді.

Университет профессорлары мен декандар  жастарға бағыт-бағдар берді. Ұстаздардың кеңесіне құлақ түрген оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Бұдан соң, оқушылар фотосессияға қатысты.

источник