Понедельник, Февраль 26, 2018
Басты > Білім > «Эпиграф» баспасының қызметкерлері электрондық білім жүйесіне көшудің тиімділігін түсіндірді

«Эпиграф» баспасының қызметкерлері электрондық білім жүйесіне көшудің тиімділігін түсіндірді

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы Жолдауында: «Біз цирфлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цирфлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек»,- деп атап көрсеткен болатын. Қазіргідей ақпараттың қарқынды дамыған заманында заман көшіне ілесу – уақыт талабы.

Жұбанов университеті «Цифрлық университетке» көшуді алдағы басты міндеттердің бірі етіп қойып отыр. Соның ең бастысы оқу орнының алтын діңгегі болып табылатын кітапхананың электронды форматта жұмыс жасауын қалыптастыру, сондай-ақ, профессор-оқытушылар құрамының электронды оқулықтар санын арттыру. Айта кету керек, университет кітапханасының кітап қоры 2017-2018 оқу жылының басында «CyberSmith» баспасынан шыққан мультимедиялық оқулықтармен толықты.

Осыған орай, бүгін университетте оқу-әдістемелік бөлімнің ұйымдастыруымен «Эпиграф» баспасының директоры Павел Гриценко мен аталған баспаның менеджері Светлана Шайхуллина «Мультимедиялық оқулық: білім берудегі жаңа технологиялар» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Светлана Шайхуллина семинарды өткізуге ұйтқы болған университет басшылығына алғысын білдіре отырып, семинар мақсатына тоқталды. «Біздің компанияның құрылғанына 21 жыл болды. Компанияда бағдарламалар топтамасы жасалған. Студенттердің білімін тексеруге арналған интерактивті блокторы бар мультимедиялық оқулықтар жасап шығарылады. Мультимедиялық оқулық мазмұнына видео-дәрістер, статистикалық мәліметтер, виртуалды зертханалар, бақылау тестілері кіреді. Бүгінгі оқыту семинарында мультимедиялық оқулықтардың тиімділігі, оны пайдалану жолдары түсіндірілетін болады», – деді.

Келесі сөз кезегін алған баспа директоры Павел Гриценко: «Семинарды екі бөлімге бөліп өткізетін боламыз. Бірінші бөлімде мен сіздерге электрондық оқулық не үшін керек деген сұрақ төңірегінде сабақ жүргізетін боламын. Екінші бөлімде компьютерлерге отырып, өз пәндеріңізге орай электронды оқулықпен жұмыс жасайтын боласыздар. Біздің компания цифрлық білімге көшу негізінде құрылған. Бізде электронды база қалыптасты. Электронды оқулық Қазақстанның қалалық, ауылдық жерлердегі білім деңгейінің тең болуына мүмкіндік туғызады. Ең тиімді тұсы – уақытты үнемдеу»,-деді. Семинарға қатысушылар электронды білім жүйесіне көшу не үшін керек, тиімділігі қандай деген сауалдар төңірегінде пікір алысты. Павел Сергеевич электрондық білім қазір әлемдік трендке айналғандығын, экономикасы қарыштап дамыған елдер де, дамушы елдерде білім жүйесі электронды жүйеге тез көшіп жатқандығын, әсіресе, Азия елдерінде бұл көрсеткіш өте қарқынды дамуды көрсеткендігін мысалға келтірді. Семинар барысында сондай-ақ, электрондық оқулықтың сырттай оқыту формасында тиімділігі сөз болды.

Семинар соңында қатысушы университет оқытушыларына сертификат табыс етілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *