Пятница, Август 17, 2018
Басты > Білім > ҚР ЖОО-ң бәсекеге қабілеттілігіне жүргізілетін ұлттық рейтинг технологиясы бойынша семинар-тренинг өтті

ҚР ЖОО-ң бәсекеге қабілеттілігіне жүргізілетін ұлттық рейтинг технологиясы бойынша семинар-тренинг өтті

Бүгін Жұбанов университетінің мәжіліс залында жыл сайын өткізілетін ЖОО-ның тәуелсіз рейтингтік зерттеулері аясында еліміздің батыс және орталық аймақтарының ЖОО-ның өкілдері үшін «Қазақстан Республикасы ЖОО-ның бәсекеге қабілеттілігіне жүргізілетін ұлттық рейтинг технологиясы» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Семинар-тренингке Қазақстан Республикасының Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің, Қазақстан Республикасының батыс және орталық өңірлерінде орналасқан ЖОО өкілдері, Жұбанов университетінің проректорлары, құрылымдық ұйымдардың басшылары, басқа да рейтингке жауапты тұлғалар, факультет декандары, кафедра меңгерушілері қатысты. Семинарды Қазақстан Республикасының Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі өткізді.

Семинардың мақсаты — Қазақстан Республикасы ЖОО-ының бағыттары мен дәрежелері бойынша бәсекеге қабілеттілігіне жүргізілетін ұлттық рейтинг технологиясымен таныстыру, критерийлерін, параметрлерін, рейтинг бағдарламасының дұрыс электронды толтырылу сұрақтарын талқылау.

Семинар-тренингке қатысушылар тақырыпқа орай мәселелерді жан-жақты талқылап, пікірлерін ортаға салды. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *