Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Студенттер профессор Қ.Жұбановтың зерттеулерін ғылыми жұмыстарына бағыт етіп алуда

Студенттер профессор Қ.Жұбановтың зерттеулерін ғылыми жұмыстарына бағыт етіп алуда

Ақпан айының 9 күні «Жұбановтану» ғылыми-зерттеу орталығы мен «Ғибрат» ғылыми қоғамының ұйымдастыруымен «Профессор Қ.Жұбанов және тіл білімі мәселелері»  тақырыбында ашық отырыс өтті. Отырысқа филология факультетінің 1 және 3-курс студенттері белсене қатысты.

Отырысты филол.ғ.к., доцент  Мұхтар Миров ашып, Қ.Жұбановтың ғылыми мұралары туралы мәлімет беріп, студенттерді ғылыммен айналысуға шақырды. Ғылыми-зерттеу орталығының қызметкері Жұлдыз Матжан «Жұбановтар әлемі» виртуалды мұражай-мұрағатымен таныстырып өтті.

Отырыс барысында «Ғибрат» ғылыми қоғамының мүшелері мен филология факультетінің  студенттері Б.Қ.Женісова, Г.Р.Қожан, Б.Ізтілеу, А.С.Нураддиновалар баяндамаларын көпшілік назарына ұсынып, қызу талқыға салынды.  Алдағы уақытта «Жұбановтану» ғылыми-зерттеу орталығы мен «Ғибрат» ғылыми қоғамының бірлескен іс-шаралары жоспарланып, ғылымның көкейкесті мәселелері талданды.